Жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды

24.jpg

Полицейлер жалған нөмір тағып алған көлік жүргізушісін анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті - қоғам тыныштығын сақтау. Яғни түрлі жол қозғалыс оқиғаларының алдын алып, қылмыспен күресу жолында табанды қызмет ету болып табылады.

Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шараларды жиі ұйымдастырып, тыныштық сақтауда белсенді қызмет атқаруда. Мәселен тексеру жұмыстары нәтижесінде «ВАЗ-21115» маркалы автокөліктің жалған нөмір тағып жүргенін анықтады. Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік шара көрілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін  және автокөлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Француздар Арыста сервистік депо салуда
  • Ташкент пен Түркістан арасындағы байланыс нығая береді
  • Түркістан: Сауда алаңының кемінде 30 пайызы отандық өнімдерге бөлінуі тиіс
  • Дербісекте ауыз су беру жүйесі тұрақты жұмыс істеуде
  • «Шекарасыз ынтымақтастық»: Форум аясында маңызды келісімдер жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер