Қаруды өз еркімен тапсырсаң, жауапқа тартылмайсың

3.jpg

Түркістандық полицейлер көшеде заңсыз мылтық ұстап жүрген орта жастағы ер адам ұстады.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері кез келген қылмыс түрін ашуда ерекше жұмыстар жүргізеді. Соның бірі - «Қару» жедел - профилактикалық іс-шарасы. Оның мақсаты - заңсыз айналымдағы атыс қаруларын анықтау, тіркеуде тұрған қарулармен жасалатын қылмыстардың алдын алу, отты атыс қаруын тәркілеуге және оны сақтау ережелерін тексеруге бағытталған.

Осы тұрғыда Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның көше бойында шолақ мылтық ұстап жүргенін анықтады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеуге алды.

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру кезінде күдікті ер адам мылтықты темір жинап жүріп, тауып алғанын айтқан. Десе де, қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын еске салады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер