Мал ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

5.jpg

Полицейлер рейдтік шара кезінде мал ұрлап бара жатқан күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» бойынша рейдтік шара жүргізу кезінде, мал ұрлап бара жатқан ер адамды қылмыс үстінде ұстады. 

Толығырақ айтар болсақ, түнгі уақытта рейдке шыққан полицейлер сағат 03:00 шамасында өздеріне күдік тудырған «Ауди 100» маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатады. Алайда көлік жүргізушісі заң талаптарына бағынбай, ізін жасыру мақсатында қашпақшы болған. Дегенмен  полицейлер дер кезінде автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің артқы орындығынан ірі қара мал табылды.

Анықталғандай, сиыр ұрланған болып шықты. Ол сол уақытта жергілікті тұрғынның малын ұрлап, үйіне апармақшы болған. Алайда ойлаған ойы жүзеге аспай, ұрлаған бөтеннің мүлкі айғақты зат ретінде тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша жүргізілуде.

-Бүгінгі таңда елімізде мал ұрлығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі ауыл-аймақтағы халқымыздың күнкөріс көзінің бірден-бір өзегі ол – мал шаруашылығы. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңіздің бейнеттеріңізбен тапқан малдарыңызды барымташылардың қолына оңай түспеуі үшін, еркін жайылымдарда қараусыз қалдырмауларыңызды ескертеді,-деп хабарлайды Түркістан облысының Полиция департаменті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер