Ардагерлер-тәлімгерлер

7.jpg

Сайрам аудандық Полиция басқармасының ардагерлері марапатталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан және ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция генерал-майоры А.Болсанбековтің шешімімен Сайрам аудандық Полиция басқармасының 23 ардагері «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалімен марапатталды. Олар ұзақ және адал қызметі, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуда қосқан үлесі, жас қызметкерлерді тәрбиелеуде белсенділік танытқаны үшін ерекше алғысқа бөленді. Сайрам аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Данышпан Андасбеков Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлестерін қосқан, өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, еңбектің зейнетін көріп отырған арқа сүйер ардақты ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, мерейтойлық медальдарды табыстады.

Ішкі істер органдарында ұзақ жылдар еңбек етіп, басшылық лауазымдар атқарған отставкадағы полиция полковниктері С.Қасымбеков, Б.Асылбеков, Ә.Ержанов, О.Жиенбеков, М.Сейтбеков және С.Салиевтер сөз алып, алғыс білдіріп, жылы лебіздерін арнады. Іс-шара барысында жұмысқа жаңадан ат басын бұрған жас мамандарға ақыл-кеңес беру, олардың бойында өз қызметіне деген адалдық пен шыдамдылық таныту мақсатында ардагерлер құрамынан тәлімгерлер бекітілді. Сонымен қатар учаскелік полиция пунктілерінің жұмыстарын жандандыру, қылмыстың алдын алуда кеңес беру мақсатында 5 аға учаскелік полиция инспекторына ардагерлер бекітілді. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлері мен ардагерлер арасындағы байланысты нығайтатыны сөзсіз.

Қазіргі таңда аудандық Ардагерлер кеңесінің құрамында 67 зейнеткер бар. Олар әрдайым қоғамдық қызметтерге атсалысып, ІІО-дағы әртүрлі іс-шараларға қатысып, жас мамандар тәжірибесіне сүбелі үлестерін қосып келеді. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ардагерлер естелік суретке түсіп, кейінгі буынға сәттілік тіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер