Жүргізуші куәлігін алып беремін деп...

11.jpg

Түркістан облысында жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық  жасаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сендірген. Содан жәбірленушіден 270 000 теңге ақша алып, не жүргізуші куәлігін алып бермей, не ақшасын қайтармай созбалыққа салып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жалған уәде беріп, тұрғыннан алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Мүліктеріңізді, ақшаны бөтен біреуге беруден алдын, оған сенуге болатынына толық көз жеткізіңіз. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер