Жайылымнан мал ұрлаған күдікті ұсталды

13.jpg

Түркістан облысында жайылымдық жерден екі  сиыр ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Отырар аудандық полиция бөліміне екі ер адам арызданды. Олардың айтуынша, жайылымдық жерден әрқайсысының құны 400 000 теңге тұратын 2 бас сиырын ұрлап кеткен. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 800 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары мал ұрлығын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Олардың жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдікті ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тексеру кезінде күдікті ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Ол түнгі уақытта жайылымдық жерде жайылып жүрген сиырларға көзі түсіп, оңай жолмен олжалы болуды көздейді. Бөтеннің мүлкін ұрлап, оны сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондай-ақ келеңсіз жағдайларды бодырмас үшін жайылымдық жерлерде бақташысыз қалдырмай, үшжақты келісім жасау керектігін еске салады. Мал ұстайтын аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайды болдырмас үшін малдарды құжаттандырып, сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер