Сеніп тапсырған малды сатып жіберген

0000.jpg

Түркістан облысының полицейлері 8 бас жылқыны талан-таражға салған жылқышыны қамауға алды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департамертінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол танысына 8 бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда бақташы ірі қараларды талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 500 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдікті жас жігіт анықталды. Сезікті ер адам жәбірленушінің жылқышысы болып жұмыс жасаған. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады. Сондай-ақ мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру керек, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Азаматтарға өз мүлкін сақтауда қырағы болуға, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер