Мас халде көлік тізгіндеген

15.jpg

Кентаулық полицейлер бұзақылық жасап, мас халде көлік тізгіндеген жас жігітті анықтады. 

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кентау ҚПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері патрульдеу жұмыстарын атқару кезінде, жол бойында төбелесіп жатқан  жүргізушілерді байқап, бірден мән-жайды анықтау үшін олардың жандарына барады. Содан бір-біріне күш қолданып жатқандарды ажыратып үлгереді. Осы сәтте "Alphart" маркалы көлік жүргізушісі «Hyundai» жүргізушісінің үстінен арызданады. Жәбірленушінің айтуынша,  ол өзінің "Alphart" көлігімен келе жатып, абайсызда жол шетінде  тұрған орта жастағы әйелді  қағып кетейін деп қалады. Осы  сәтте соңындағы көліктен әйелдің күйеуі шығып, оның тарапына қатысты түрлі балағат сөздер айтып, соққыға жыға бастайды. Осылайша екеуінің арасында түсінбеушілік орнап, соңы үлкен дауға ұласады. «Hyundai» жүргізушісі ұрып-соққанымен қоймай, жәбірленушінің көлігінің терезесін сындырып, 200 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Мән-жайға қаныққан полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің  293-бабы  "Бұзақылық" бойынша тіркеуге алды. Жүргізушілердің құжаттарын тексеру кезінде «Hyundai» жүргізушінің мас халде екеніне күмән келтіріліп, оның спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарғаны расталды. Оған қоса автокөлік иесі бұдан алдын жүргізу куәлігінен  айырылғаны белгілі болды.

Осыған сәйкес «Hyundai» жүргізушісіне, яғни бұзақылық жасап, онымен қоймай мас күйде көлік тізгіндеген жас жігітке қатысты ҚР ҚК-нің   346-бабы 2-бөлігімен «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді және жол қозғалысының өзге де қатысушыларын туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер де, сіз, осындай оқиғалардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер