Тыйымды бұзғандарға хаттама толтырылды

18.jpg

Сайрамдық сақшылар арбат аумағына рейд жүргізіп, 6 жүргізушіні жауапқа тартты.

Сайрам АПБ полиция қызметкерлері  адамдар көп шоғырланатын аймақтарда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейдтік-профилактикалық шара ұйымдастырды. Әсіресе Ақсукент ауылы Абылайхан көшесінде орналасқан  Арбат демалыс аймағы жанында қауіпсіздікті қадағалады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін орнатылған «сағат 20:00 - 06:00 аралығында көліктердің жүруіне тыйым салынады» деген жол белгісі мен шлагбаумға қарамай, арбатқа кіріп, жол ережесін бұзғандарды анықтады. Бұл жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабымен «Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау» 6 хаттама толтырылды.

Сондықтан полицейлер көлік тізгіндегенде жол бойына, көшелерге  орнатылған барлық жол белгілеріне назар аударуды, жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді. 


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер