Екі мыңнан астам ережебұзушылық анықталды

21.jpg

Түркістан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 2000-нан астам жол ережесін бұзушыларды анықтады. 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың нұсқауына сәйкес Түркістан облысы ПД-ның қызметкерлері ағымдағы жылдың 19-шілдесі мен 18-тамыз күндері аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу, жол-көлік оқиғаларының және апаттылық деңгейін төмендету, оның ішінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен, жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының жолын кесу. Іс-шараға полиция, көлік инспекциясы қызметкерлері және қоғамдық ұйым өкілдері белсене атсалысуда.

Мәселен «Қауіпсіз жол» іс-шарасының екі тәулігінде Түркістан облысы ПД ӘПБ мен ЖПҚ қызметкерлері 2239 жол қозғалысы ережесін  бұзушылықтарды анықтады. Оның ішінде 88 жүргізуші жылдамдық режимін бұзған. 79 маневр жасау ережесін бұзу, 27 бағдаршамның тыйым салу белгісіне, 7 қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, 168 техникалық байқаудан өтпеу және 14 жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқару дерегі бар.

Тәртіп сақшылары қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 447 тәртіп бұзушыны, басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 241 жүргізушіні, авариялық жағдай туғызғаны үшін 14 көлік тізгіндеушіні жауапқа тартты. 

«Қауіпсіз жол» шарасы кезінде полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 45 ЖҚЕ бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ автокөлікті заңсыз қайта жабдықтау бойынша 20 жайт анықталды. Жалған және қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен көлік құралын басқарудың 4 дерегі анықталып, жүргізушілеріне шара көрілді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы бойынша жаднамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Оған қоса жол ережелерін бұзбай, автокөлікті басқаруға, ал жаяу жүргіншілерге арнайы белгіленген орындарда жол жүруге кеңес береді.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер