Тәртіп сақшыларпы тарапынан Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, ҚР-ның азаматы болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізілуде.
Шара барысында Қазығұрт ауданының 77 жастағы тұрғыны осы уақытқа жеке басын анықтайтын төлқұжат алмаған. Осы орайда Қазығұрт АПБ-нің Көші-қон қызметі тобының қызметкерлері жедел түрде дайындап, егде жастағы азаматтың жаңа төлқұжатын табыстады.
Тәртіп сақшыларының атқарған қызметтеріне көңілі толған Жақсылық Айтымбаев: «Мен, Қазығұрт ауданында дүниеге келгенмін. Осы уақытқа дейін отбасылық жағдайыма байланысты төлқұжат ала алмадым. Қазіргі таңда қазығұрттық көші-қон қызметі тобының полиция қызметкерлері маған көмек берді. Жеке куәлігімді алуыма себепкер болды. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге, көп рақмет!» -деді.
Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы полицейлері қашанда халыққа жәрдемші, қорғаушы болу мақсатында қызмет атқарып келеді. Елдің тыныштығын күзетумен қатар, әрқашан көмек беруге дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі