Ереже бұзушыларға ескерту жасалды

37.jpg

Отырарлық полицейлер суға түсу ережесін бұзған 35 тұрғынға ескерту берді

Жаз мезгілі келгенде, баршамыздың көзімізге еріксіз суға түсу маусымы елестейді. Яғни, ыстық күнде суға түсіп салқындау дәстүрге айналған, салдарынан жағажайлардан адам толастамайды. Дегенмен өкініштісі сол, жүзу білмейтін не болмаса тыйым салынған аумақтарда суға түсу ережесін сақтамайтын жасөспірімдердің қатысуымен келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері де түсіндіру жұмыстарын күшейтеді.

Мысалы Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталағы» мекемесі, аудандық адами әлеуетті дамыту, төтенше жағдайлар бөлімдері өкілдерімен бірлесіп, рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырды.

Тиісті мамандардан жиналған топ, аудан аумағында тұрғындарға суға шомылу аймақтарында, көпшілік шоғырланатын жерлерде, жағажайлар мен каналдарда суға батып кету жайттарын болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қандай да бір әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, жауапкершілігін қарастырды. Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы "Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша 35 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тұрғындардың барлығына  «Ескерту» тәртіптік шарасы көрілді.

Ең құнды байлық – адам өмірі. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ететін полицейлер үшін, тұрғындардың белгіленбеген орындарда суға шомылуына тыйым салу, суға түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаумен қатар, басқа да қауіп-қатерлерден сақтау бағытындағы түсіндіру жұмыстары жалғаса бермек. Және күн тәртібінен түскен емес.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер