Жоғалған жасөспірім үш күннен кейін табылды

39.jpg

Түркістан полицейлері жоғалған 10 жасар  жасөспірімді  тауып, үйіне қайтарды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан ҚПБ-ға күндізгі сағат 10:30 шамасында жергілікті тұрғын әйел  102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Оның айтуынша 10 жасар баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ анасының өз баласын іздеп жүргеніне 3 тәулік болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген. 

Түркістан ҚПБ  қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Қала  көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы Түркістан қаласында досымен бірге жүрген жерінен тапты.

Белгілі болғандай, жоғалған бала отбасындағы жанжалға байланысты үйінен кетіп қалған. Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан ана, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан мен Өзбекстан логистика саласындағы байланысты тереңдетеді
  • Түркістан: Өндірістік парк—инвестор үшін тиімді тәсіл
  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер