Ұрыны бақылау камерасы әшкереледі

5.jpg

Түркістан облысы Төлеби АПБ-ға ұрлықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша өзі жұмыс жасайтын дүкеннің сөресінде тұрған «Самсунг А8» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша  тіркеді. 

Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Ұрлық жайты орын алған аймақтың барлығын жіті тексеріп, куәлардан  жауап алды. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жүргізіп,  нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер    күдіктіден айғақты  зат ретінде ұялы телефонды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Белгілі болғандай күдікті дүкенге азық-түлік алу мақсатында келген. Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөреде  қуаттағышта тұрған ұялы телефонды алып кеткен. Осылайша қолды еткен затын үйіне алып барып, пайдалану мақсатында жасырып қойған. 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жаңа индустриялық аймақ—жаңа өндірістік мүмкіндік
  • Түркістан жаңа индустриялық дәуірге қадам басты
  • Түркістан өндірістік өңірге айналып келеді
  • Түркістан мен Измир байланысы жаңа кезеңге аяқ басты
  • Нұралхан Көшеров: Өзбекстанмен экономикалық әріптестіктің нығаюы рухани жақындықтың заңды жалғасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер