Жалған құжатпен шекара аспақ болған

9.jpg

Сарыағаш ауданында жалған құжатпен шекарадан  өтпек болған 2 шетелдіктің ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш АПБ-ға «Жібек жолы» шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлерінен хабарлама түсті. Онда Өзбекстан республикасының  2 азаматы Қазақстан Республикасының шекарасынан  өтпек болған кезінде құжаттарында кінәрат бар екендігі көрсетілген. Хабарламаны алған Сарыағаш  АПБ-ның полиция қызметкерлерінен тәжірибелі топ құрылып, бірден оқиға орнына келді. Осылайша ел аумағынан шықпақ  болған 2 азаматтың құжаттары мұқият тексерілді. 

Нәтижесінде  шетелдіктердің құжаттары  жалған екені расталды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша тіркеді.

Қазіргі таңда іс құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында Сарыағаш аудандық сотына жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жалған құжат жасатқан жағдайда заң аясында шара көрілетінін ескертеді. Заңға бағынайық!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер