Дүкен тонаған күдіктілер қамауға алынды

11.jpg

Полицейлер соттылығына қарамай қайта  қылмысқа барған 2 ер адамды қамауға алды.  

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын азамат 102 нөмірі арқылы  хабарласып, түнгі уақытта  белгісіз біреулер дүкеніне ұрлыққа түскенін көрсеткен. Ұрылар  дүкеннен 200 мың теңге ақшамен  30  дана  темекіні  жымқырған.  Аталған жайтты полиция қызметкерлері  ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық»  бойынша тіркеді. Жәбірленушіге  келтірілген жалпы шығын  көлемі 250 мың теңгені құрайды.     

Содан полицейлер  ұрлыққа қатысы барларды іздестіру жұмыстарын бастады. Жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, көрген білгендерден сұрады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары  күдікті   2 азаматты бейнекамераның көмегімен  Шымкент қаласынан ұстады.  

Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі - Шымкент қаласының  тұрғыны болса,  бірі жергілікті тұрғын екені анықталды.  Сондай-ақ  полиция қызметкерлері күдіктілердің  бұдан басқа  да 5 ұрлық жайтына  қатысы барын анықтады. Бүгінгі таңда жәбірленушілерге келтірілген  шығын көлемі анықталуда.  2  күдікті де бұрын сотты болып, ҚР ҚК-нің 188-бабымен  жауапкершілікке  тартылған.   Қазіргі таңда күдіктілер  қамауда.    

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға кеңселер мен дүкендерге, сауда орындары мен жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатып, темір торлармен жабдықтауға кеңес береді.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер