Алты айда үш мыңнан астам әкімшілік іс

13.jpg

Түркістан облысы Созақ ауданының полицейлері 6 ай ішінде 3500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Созақ аудандық полиция бөлімінде жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өтті. Жиынның басты мақсаты - осы жылдың жарты жылдығында құқықбұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарған жұмыстардың нәтижесін талқылау. Іс-шарада жеке құрам қызметкерлерінің арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы полиция подполковнигі Күмісбек Қамшыбеков баяндама оқыды.

Сонымен қоса аудан бойынша полицейлермен 6 ай ішінде 3258 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Атап айтар болсақ,  отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша – 40, белгіленбеген орында сауда жасау – 6, ұсақ бұзақылық – 5, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау -  107, қоғамдық орында мас халде жүру – 143, қорғау нұсқамасын бұзу – 2, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша 371 құқұқықбұзушылық тіркелген. Сонымен қатар көлікте ұялы телефон пайдалану – 60,  қауіпсіздік белдігін тақпаған – 318, қарсы бағытқа шығу – 2, жаяу жүргіншіге жол бермеу – 13, мас халде көлік басқарған – 17, жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуі бойынша 263 дерек тіркелген.

Жиын кезінде тәртіп сақшыларының алдағы жұмыс жоспарлары айтылып, жеке тапсырмалар берілді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер