Ер адамнан марихуана табылды

11.jpg

Полицейлер өзімен бірге марихуана есірткісін алып жүрген ер адамды ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресу шараларын тұрақты жүргізіп, күн тәртібінен түсірген емес.

Мәселен, полицейлер «Қарасора-2022» іс-шарасы кезінде жергілікті тұрғынның өзімен бірге есірткі затын алып жүргенін анықтады. 

Тәртіп сақшылары ер адамды тексеру кезінде, ол өз еркімен полиэтилен пакетке оралған 1 бума есірткіге ұқсас затты ұсынды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.  Полицейлер  алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «марихуана» есірткісі екендігі дәлелденді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан делегациясы Қытайда келіссөздер жүргізді
  • Түркістан: Әр инвестициялық жоба уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы тиіс.
  • Түркістан: Ауыл шаруашылығына 56,4 миллиард теңге инвестиция тартылды
  • Түркістан инвестициялық белсенділігі жоғары өңір
  • Француздар Арыста сервистік депо салуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер