Мақсат-жақсы өзгерісті қамтамасыз ету

20.jpg

Түркістанда қоғамдық қауіпсіздіктің сервистік моделі бойынша пробациялық есепте тұратын азаматтармен жиын өтті. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының мәжіліс залында пробациялық есепте тұратын азаматтармен жиналыс өтті. Кездесуге  Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ведомствоаралық топ мүшесі Зуппархан Чалданов төрағалық етті. Ұйымдастырушылар сотталғандардың соттылық деңгейі, отбасылық жағдайы, білімі, жасаған қылмысына өкінуі, дұрыс жолға түсуі жөніндегі сұрақтар назардан еш түспейтінін, бұл бойынша арнайы қадағалаушы қызметкерлер қызмет ететінін жеткізді.

Іс-шара барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің ЖПҚ басқармасының жұмысын ұйымдастыру және қадағалау тобының инспекторы полиция капитаны Көкаршын Жолбарысханқызы, пробациялық есепте тұратын азаматтардан арнайы сауалнама алды. Яғни, шартты түрде сотталған және мерзімінен бұрын босап шыққандарға полиция қызметкерлерінің негізгі жұмысы жөнінде толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал инспектор-психолог  әділет аға лейтенанты Ақмарал Бекбай, жиынға қатысушыларға  психологиялық тренинг өткізді. Сондай-ақ қателік жасап, жаза арқалағандарға алдағы өмірлерінде жаман қылықтардан бойларын аулақ ұстауға шақырды. 

Негізгі мақсат – кез келген сотты болған тұрғынның жақсы жағына өзгеруін қамтамасыз ету. Полиция қызметкерлері қауіпсіздіктің сервистік моделі бойынша ашықтықты қамтамасыз ете отырып, оларға қолдау білдіру жұмыстарын іске асыру болып табылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер