Алаяқтық белең алып барады

24.jpg

Полицейлер Атырауда жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған тұрғынды ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кентау  қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оны сырттай танысы «Атырау облысындағы мекеменің біріне жұмысшы ретінде тұрғызып беремін», - деп сендірген. Содан тұрғыннан 150 000 теңге ақшасын алған алаяқ, жоқ болған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды. Анықталғандай, ол Атырау қаласындағы аталған мекемеде жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бүгінде алаяқтық күннен-күнге белең алып бара жатыр. Адамдар кез келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Және ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуды ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер