Күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталды

33.jpg

Түркістан облысында жас әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арызданды. 

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлаууынша, Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі үйінде тұрған «Филипс» маркалы теледидар мен бұрғылау құрылғысын ұрлап кеткен.  Жәбірленушіге келген шығын көлемі 270 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері хабар алған бойда ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ер адам анықталды. 

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші өзара келісімге келе алмай, жанжалдасып, салдарынан әйел адам өзінің туыстарына кетіп қалған. Арада 2-3 күн өткен соң келгенінде, азаматтық некедегі күйеуі үйіндегі заттарды ұрлап, өзі кетіп қалған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүліктеріне мұқият болуды ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасамауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер