Көліктен ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

5.jpg

Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны шағымданды. Ер адамның айтуынша, сағат 07:30 шамасында оның «Опель вектра» маркалы автокөлігінен «Айфон 11» ұялы телефонын белгісіз біреу жасырын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 350 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда оқиға орнына бірден келіп жетті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Бейнебақылау камераларын көрді.  Нәтижесінде, осы қылмысты жасаған күдікті анықталды. Ол Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленуші Жетісайға жеке жұмыстарымен барған. Ол автокөлігін демалып алу үшін тоқтатып, ұйықтап кеткен сәтінде, күдікті бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалайды. Ол телефонды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Тұрғын үйлер мен авкөліктің есіктерін құлыптап жабуды ұсынады. Егер, сіз, ұрлыққа тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер