Полицейлер велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады

7.jpg

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, сағат 16:30 шамасында аудандағы саябақта тұрған «STELS» маркалы велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. 

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда оқиға орнына  келіп жеткен. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа күдікті ретінде бұрын сотты болған ер адам анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. 

Белгілі болғандай, жәбірленуші саябақта күзетші болып жұмыс істейді. Күдікті аталмыш ер адамның байқамай тұрғанын пайдаланып, оның велосипедін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары велосипедті айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін сақтық шараларын жасауды ұсынады. Дүкендерге, тұрғын үйлерге, ғимараттарға бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер