Көршісінің алтынын ұрлаған

9.jpg

Полицейлер  көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған бойжеткенді  анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі  алтын  әшекей бұйымдарын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын 300 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер  ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық" бойынша тіркеді. 

Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Сарығаш АПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.  Полицейлер жедел-іздестіру шараларын тиянақты жүргізді. Куәлардан жауаптар алынып, үйдің айналасы  жіті қаралды. Нәтижесінде сарығаштық тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Бір күн ішінде оның түр-тұлғасын анықтап, полиция бөліміне  жеткізді. 

Анықталғандай, күдікті  бойжеткен жергілікті тұрғын, жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында  қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған.  Ұрлаған алтындарды   ломбардқа өткізіп, ақшаны өз қажетіне жаратқан. Бүгінде полицейлер күдіктіден  айғақты зат ретінде   әшекей бұйымдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Түркістан облысы полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: үй-жайларыңызға, жеке ғимараттар мен нысандарға мықты құлып орнатып, бейнекамералармен жабдықтаңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер