«Несиеңді жауып беремін» деген алаяқтық ұсталды

12.jpg

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы «3 000 000 теңге несиеңді жауып беремін» - деп, әбден сеніміне кіріп, одан 380 000 теңге ақшасын алған. Арада 5 айдан аса уақыт өтсе де, берген уәдені орындамаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті жұмыстардың барлығын жүзеге асырды. Олар жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, аталмыш қылмысқа қатысы бар бұрын сотты болған күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер ер адамды Полиция басқармасына жеткізді. Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші ауылдастар. Күдікті жәбірленушінің бірнеше банкте берешегі барын білген соң, таныстары арқылы көмектесе алатынын айтқан. 3 000 000 теңге берешекті, бар-жоғы 380 000 теңгеге ертесі күнгі кешке дейін жабылатындығын айтып, оның жеке куәлігінің көшірмесімен қоса алып кеткен. Алған ақшаны жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері күмәнді қызмет ұсынатын таныс және бейтаныс адамдардан сақ болуды ескертеді. Сонымен қоса, өзіңіздің жеке құжаттарыңызды бермеуге кеңес береді.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер