Тұрғынның көлігінен газды тапанша табылды

22.jpg

Түркістан облысы Түлкібас АПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында, күнделікті рейдтік іс-шараларды  жүргізіп отырады. Осындай кезекті рейдте Шақпақбаба ауылы мен Ақбиік ауылдары арасында орналасқан тас жол бойында    күдік тудырған автокөлікті тоқтатты. 

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер көлікті тексеру кезінде орындығының астынан  «ПМ49»   маркалы газды тапаншаны тапты. Тәртіп сақшылары жүргізушіден айғақты зат ретінде қаруды  тәркілеп алып, ПБ-ға жеткізді. Ол Алматы облысының  тұрғыны  болып шықты. 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді.  Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Күнделікті жүргізілетін мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар түрлі қылмыстардың төмендеуіне септігін тигізеді. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар одан әрі де өз жалғасын табатын болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер