Бәйдібек АПБ-нің полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Яғни, Шаян ауылы тас жолы бойында жол-көлік оқиғасы орын алған. Белгілі болғандай, "Ваз-21150" автокөлігі қарсы жолаққа шығып, "Лада-21214" автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктерге материалдық шығын келген. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру кезінде тәртіп сақшылары "Ваз-21150" жүргізушісінің көлік құралын басқаратын құжатының жоқ екенін анықтады. Сондай-ақ полицейлер жүргізушінің көлік құралын басқару құжаты жоқ бола тұра автокөлікті мас күйде басқарғанын растады. Полиция қызметкерлері Ваз-21150 автокөлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» құжаттар жинақтап , сотқа жолдады.
Сот жол қауіпсіздік ережесін бұзғаны жүргізушіні кінәлі деп танып 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.