Телефонды ұрлап, сатып жіберген

27.jpg

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын  арызданды. Оның айтуынша, көше бойында тұрған өзіне тиесілі автокөліктің  ішінен белгісіз біреулер құны 60 000 теңге тұратын  "Редми" маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Аталған жайтты сарыағаштық полицейлер  ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.  Жедел уәкілдер тобы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін көрген-білген куәлардан жауап алды.   Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ  полицейлер  жақын маңдағы бейнекамераларды тексеріп, қажетті деген іс-шаралардың барлығын атқарды.  Нәтижесінде тәулік ішінде күдікті ретінде ер адам анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай  орта жастағы азамат қылмысты жасырын түрде іске асырған. Ол көше бойында тұрған автокөліктің  есігі кілттенбегенін байқап, арам ойын жүзеге асырған. Полиция қызметкерлері күдіктінің телефонды базарлардың біріне  сатып жібергенін  анықтады. Бүгінде ұрланған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. Күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне құнды заттарды көлікте қалдыруға болмайтынын ескертеді. Қысқа уақытқа кетсеңіз де, көліктің терезелері мен есіктерін жабуды ұмытпаңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер