Ұрлаған мүлікті сатып, ақшасын жаратып жіберген

33.jpg

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, сағат 23:00 шамасында өзінің тұрғын үйінің ауласына белгісіз тұлға кіріп, «KIDSDIK» және «Барыс» деген жазуы бар велосипедін жасырын жымқырып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден келіп жетті. Күдіктіні анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Нәтижесінде, бұрын сотты болған ер адам ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Белгілі болғандай, сезікті түнгі уақытта тұрғындардың ұйқыда жатқан сәтін пайдаланып,  арам ойын жүзеге асырған. Ол бөтеннің мүлкін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Велосипедті сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін, тұрғын үйлер мен ғимараттарға бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар, есік-терезелерді мықтап жауып жатуды ұсынады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер