Жемқорлық құрдымға жіберер кесапат

1493105853_kor.jpg

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға 30 жылдан асты. Өткенімізге көз салсақ, нығая түсуіне елімізде құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол – Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев Кемелұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуді барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының  борышы деп білу керек. Жемқорлық қоғамға ғана залалын тигізіп қоймайды. Сенің өміріңді құрдымға жіберер кесапат. Ақпарат тасқынында судай бұрқырап аққан бұл кесапатқа жоламауды, оны жолатпауды көздейік. Кінәлі адамдардың қылмысын әшкере ету де жемқорлықтың алдын алу болып табылады. 

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Өзара сенім, жауапкершілік пен серіктестік негізінде мемлекет, қоғам және бизнес өкілдерінің бірігуі, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы пікір мен құқықтық сананы қалыптастыру еліміздегі жемқорлық деген әлеуметтік мәселені жоятынына сенімдімін.

Ә.АЙДАР,

Сауран ауданы СЭББ 

бас маманы 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер