Ереже бұзбаңыз!

7.jpg

Жетісайлық полицейлер жол жүру ережелері бойынша жиналыс өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.   

      Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жолда жүру ережесі бойынша тұрғындарға тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы тұрғыда Төтенше жағдайлар және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен де арнайы кездесу өткізіп, жолда жүру ережелерін толық таныстырды. Шараның басты мақсаты - жолдағы қайғылы жағдайлар жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыратыны және жүргізушілер мен мас күйінде көлік басқаратындардың кесірінен орын алатын  жайларды болдырмау. Жиынға қатысқандар өздерінің ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар ауданда жол-көлік оқиғалары мен түрлі құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және алдын алу мақсатында  Жетісай қаласының орталық  М.Әуезов, С.Қожанов, А.Яссауи көшелеріне сандық форматтағы жаңа бейнекамералар орнатылды. Бұдан бөлек  «Сергек» камералары  Жетісай қаласының ішкі және сыртқы маңызы бар, қауіпті жол- көлік оқиғалары жиі орын алатын  көшелерге алдағы уақытта  қойылатындығын айтты.  

      Айта кететін жайт, Жетісай АПБ-нің қызметкерлері  жолда жүру ережелерін сақтауы үшін әр жұма-сенбі күндері аудан бойынша рейдтік  тексеріс  жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

      Полицейлер жол көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді! 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер