Анықталған кемшіліктер арнайы жиында талқыланды

24.jpg

"Түркістан" Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясында" жүргізілген сыртқы талдау қорытындысымен бірқатар кемшіліктер анықталды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің аға офицері Ақтөре Талғатұлы

"Түркістан" Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның ұжым қызметкерлерінің қатысуымен өткен  қорытынды жиында баяндады.

Іс-шараға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің өкілдері мен "Түркістан" Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ  қызметкерлері қатысты.

Жиында Ақтөре Талғатұлы  талдау жұмыстары барысында ұсынылған ақпаратты зерделеу нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне айрықша тоқталып, қызметкерлердің назарына бірқатар бұзушылық деректерді ұсынды.

Жиын соңында аталған кемшіліктерді жою мақсатында талдау қорытындысы талқыланып, енгізілген ұсыныстардың орындалуын қатаң бақылау қажеттілігі ескертілді.

Айта кетсек, 2022 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті аталған мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  сыртқы талдау жұмыстарын жүргізу басталған болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер