Танысын тонаған күдікті қамауға алынды

4.jpg

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оны жақын танысы тонап кеткен. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті хабарлады. 

Жәбірленушіге келген шығын көлемі 120 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша бірден тіркеп, жедел-іздестіру шараларын бастап кетті. 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті жұмыстарды жасады. Сондай-ақ бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар, бұрын сотты болған ер адам анықталып, ұсталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын.

Белгілі болғандай, жәбірленуші әйел дәмханаға тамақтануға барған. Осы сәтте оны сыртынан көрген жақын танысы дәмханаға кіріп, әйелді  ұрып-соғып, «VIVO» маркалы ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен.

Анықталғандай жәбірленуші әйел мен күдікті ер адам осыған дейін жақын таныс болған. Әйел сезіктімен байланысын үзген соң, ер азамат ашуланып, тонау қылмысына барған. 

Ер адамнан айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер