Жоғалған жасөспірім табылды

18.jpg

Түркістан облысында жоғалған 15 жасар жасөспірім бауда жасырынып отырған жерінен табылды. 

Төлеби аудандық полиция бөліміне  Тасарық ауылының тұрғыны көмек сұрап хабарласқан. Жас қыздың айтуынша, оның ағасының 15 жасар ұлы 1 күн алдын үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Осы хабарлама негізінде полиция бөлімнің ювеналды полиция тобының қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы бірден аталған мекенжайға жетті. Тәртіп сақшылары баланың көршілері мен сыныптастарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Тасарық, Оңтүстік, Ханарық, Қасқасу, Майбұлақ, Керегетас, Көксәйек ауылдарында полицейлерден бөлек, ауыл әкімдігі бастамасымен жергілікті тұрғындардан құрылған 40 адамнан тұратын еріктілер қосылып, іздестірді. Осылайша бірнеше сағатқа созылған іздестіру нәтижесінде, жасөспірімнің жүрген жері анықталды. 

Нақтырақ айтсақ, полиция майоры Мұрат Камалов, полиция аға лейтенанты Абай Кубеев, полиция лейтенанты Самат Амиров пен еріктілердің үздіксіз іздестіруі оң нәтижеге жеткізді. Яғни жоғалған жасөспірім тұрғылықты үй жайынан 3 шақырым қашықтықтан, туыс ағасының үлкен бауында шөптер арасында жасырынып отырғаны анықталды. Жасөспірім заңды өкілдеріне аман-есен тапсырылды. 

Өз кезегінде жасөспірімнің әжесі қуаныштан еріксіз көзіне жас алып: "Төлеби аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне және де іздестіруге қатысқан барша тұрғындарға алғысымды айтамын! Әсіресе полиция қызметкерлерінің жұмысына риза болдым. Ойлаған едік, өзіміз іздеп табамыз деп. Содан болмағасын полициядан жәрдем сұрадық. Міне, немерем қасымда. Баршаңызға Алла разы болсын!"-деп ризашылығын білдірді.

Анықталғандай, баланың ата-анасы ажырасқан. Ал жасөспірім әжесімен бірге тұрады. Жоғалар күні жасөспірім мен отбасы арасында түсінбеушілік орын алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. 

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер