Жоғалған қыз табылды

2.jpg

Түркістан облысында полицейлер жоғалған бойжеткенді Шымкент қаласынан тапты. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Ол өз арызында 2004 жылы туылған қызы белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта үйге оралмағанын айтады. Аталған жайт хабар-ошарсыз жоғалу бойынша тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізілді.

Сайрамдық полицейлер 18 жасар қызды табу мақсатында жақын аймақтарды аралап, көрген білгендерден сұрастырады. Сайрам АПБ-нің ювеналды полиция инспекторлары арқылы қыздың суреттері таратылып, шұғыл әрекеттер атқарылды. Нәтижесінде, жоғалған қыз Шымкент қаласында жүрген жерінен табылды. Анықталғандай 18 жасар бойжеткен жігітімен бірге қыдырып жүрген. Яғни жас жігітпен танысқан онымен қыз отау құрмақшы болған. Алайда қыздың ата-анасы некеге рұқсат бермеген соң жас қыз жігітімен Шымкент қаласына қашып кеткен. 

Қазіргі таңда жоғалған қыз табылып ата-анасына қайтарылды. Өз кезегінде қызын аман-есен тауып бергені үшін бойжеткеннің анасы полицейлерге ризашылығын білдірді. Тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігіне, қырағылығына алғысын жаудырып, жұмыстарына табыс тіледі.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызды үнемі бақылап, қадағалап отырыңыздар деп ескертеді. Сондай-ақ, араласатын ортасын, достарын жақсы білу керек. Керек болса, достарының ата-аналарымен қарым-қатынас жасаңыздар деп кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер