«Абайлаңыз балалар!»

13.jpg

«Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық шарасы жалғасын табуда. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жаңа оқу жылының басталуына орай, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды күшейтуде. Осы тұрғыда «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Полиция қызметкерлері ауданда орналасқан Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп, оларға жолда жүру ережесін түсіндіруде. 

Сонымен қатар мектеп оқушыларына жолда абай болу, қылмысқа, құқық бұзушылық пен теріс әрекетке бармау жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балаларға құқық бұзушылық пен қылмыс үшін заң алдында жауапты екендігін еске салды. Әртүрлі құқықбұзушылыққа бармауды қатаң ескертті. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданы аумағында балалардың қауіпсіздігін бақылау күшейтілді. Бұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер