Алаяққа тап болсаңыз, полицияға хабарласыңыз!

17.jpg

Түркістан облысында «зейнетке шығарып беремін» деп алаяқтық жасаған ер адам анықталды. 

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы әкесін межелі жасқа толуына байланысты зейнеткерлікке шығарып беремін деп, әбден сеніміне кірген. Осылайша одан ақы ретінде 100 000 теңгеден астам ақша алған. Алайда не ақшасын қайтармай, не берген уәдесін орындамаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. 

Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысын ашу үшін, қажетті жұмыстарды жүзеге асырды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар ер адам анықталды. Ол жұмыссыз жүрген, жергілікті тұрғын болып шықты. 

Анықталғандай, күдікті жігіт оңай олжалы болу мақсатында осындай әрекеткен барған. Ол алған ақшаны, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып, іс-құжаттар Жетісай аудандық сотына жолданды. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтыққа тап болмас үшін, күмәнді қызмет ұсынатындардан сақ болуды ескертеді. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер