«Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды»

19.jpg

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестер және басқармалардың іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес, Түркістан облыстық Полиция департаменті мен Түркістан қалалық Полиция басқармасы құқық тәртібін жақсарту мақсатында іс-шара өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шараға Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, тұрақты комиссияның төрағасы, «Ontustik Qazaqstan» газетінің бас редакторы А.Балажан, Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі З.Чалданов, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкері полиция капитаны Марат Омаров, Түркістан облысы ПД ЖПҚБ-ның жұмысын ұйымдастыру және қадағалау тобының инспекторы полиция капитаны Көкаршын Қанат, Түркістан облысы Полиция департаментіне бағынысты айдауыл взводының арнайы топ полицейі, полиция кіші сержанты Сулайман Пірметов, Кентау қалалық полиция бөлімі ЖҚП УПИ полиция аға лейтенанты Мақсат Абдрей қатысты. 

Іс-шараның негізгі мақсаты - "Заңды білместік жауапкершіліктен құтқармайды" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 

Жиын кезінде тәртіп сақшылары арнайы мектептерге барып, оқушылармен жолда жүру қағидаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оларға жалпы ережелер жайлы толық айтылып, жолда жүру өздерінің өмірлерін сақтайтындығын ескертіп өтті. 

Полицейлер тұрғындарға қаланың үлкен көшелерінде, базар аумағында үлкен жолдардан жаяу жүргіншілер жолы арқылы өтуі ескертілді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер