Түркістан облысының полицейлері "Стоп-трафик" іс-шарасы кезінде притонды анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ағымдағы жылдың 7-9 қыркүйек күндері аралығында Түркістан облысының аумағында ауқымды "Стоп-трафик" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты - жедел жағдайды жақсарту бойынша шараларды жандандыру, жеке адамға қарсы қылмыстарды анықтау, жеңгетайлық пен адам саудасы деректерінің жолын кесу болып табылады.
Аталмыш "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық шарасы аясында Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш АПБ-мен бірлесіп, жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады.
Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер Сарыағаш қаласындағы үйлердің бірінде притон ұйымдастыруға күдікті жергілікті тұрғынды және жеңіл жүрісті қызды, оларды полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде ақша қаражаты алынды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі "Притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды адам саудасының, еңбек және құлдықтың құрбаны болмау туралы профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.