1 үйір жылқыны талан-таражға салған

6.jpg

Полицейлер 1 үйір жылқыны талан-таражға салған жылқышыны анықтады. Оқиға Түркістан облысының қазығұрт ауданыныда орын алған. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол танысына бағу үшін 12 бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда жылқышы ірі қараларды талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 4 000 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдікті ер адам анықталды. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің малын сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады. Сондай-ақ мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру қажет. Ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Қырағы болып тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдаңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Түркістан: Бес айда 614,2 миллиард теңге инвестиция тартылды
  • Түркістан: Жыл басына бері кәсіпкерлік жобалардың 78-і іске қосылды
  • Қытай кәсіпкерлері Түркістанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады
  • Түркістан делегациясы Қытайда келіссөздер жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер