Жезөкшеліктің жолы кесілді

31.jpg

Түркістан облысының полицейлері жеңіл жүрісті 26 қызды есепке қойды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы аумағында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты - адам саудасы, жеңгетайлық, ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу болып табылады.

Аталмыш іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД полицейлері Сарыағаш және Сайрам аудандарында екі жеңгетайлық жайты мен притон ұйымдастыру дерегінің жолын кесті. Мәселен тәртіп сақшылары Сайрам ауданы елдімекендерінің бірінде, өз үйінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған жергілікті тұрғын, яғни егде жастағы әйелді анықтады. Нәтижесінде жедел уәкілдер, күдікті мен жеңіл жүрісті қызды анықтап, олардан айғақты зат ретінде ақша тәркіледі. 

Полиция қызметкерлері бұған дейін осыған ұқсас притон ұйымдастыру дерегін Сарыағаш ауданындағы үйлердің бірінен анықтаған. Мұнда жедел уәкілдер, притон ұйымдастырушысы мен жеңіл мінезді қыздарды анықтады.

Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Сонымен қатар "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жеңіл мінез-құлықты 26 қыз профилактикалық есепке қойылып, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы "Қоғамдық орындарда тиісу" бойынша 30-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылды. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға адам саудасының, еңбек және жыныстық құлдықтың құрбаны болмау туралы алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер