20 миллион теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

11.jpg

Сарыағаштық тергеушілер банкке 20 миллион теңге шығын келтірген күдіктінің ісі бойынша тергеу жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш АПБ-ға банк өкілінің бірі арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер банк қосымшасы арқылы 2021 жылы жалған тауар сату-сатып алумен айналысып, банкке 20 миллион теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. 

Осындай жолмен алаяқтық жасағандарды ұстау үшін арнайы топ құрылды. Сондай-ақ бұл қылмысты ашуға тергеушілердің кәсіби шеберлігі өз септігін тигізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын, жұмыссыз жас жігіт анықталды. 

Белгілі болғандай, күдікті банк қосымшасы арқылы тауар сатып-сатып алу операцияларын жасаймын деп, 1 ай ішінде 20 миллион қаражат алған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. Ақшаңызды, банк кәртішкеңіздің құпия сандарын ешкімге айтпауға және бермеуге кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер