Кафе тонаған ұры ұсталды

0.jpg

Түркістан облысының полицейлері мейрамханаға ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның аудан орталығында орналасқан кафесіне ұрлыққа түскен. Яғни күдікті кафеде тұрған 100 мың теңге ақша, құны 60 мың теңге тұратын сиыр еті мен 2 дана спирттік ішімдікті жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын 170 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. 

Төлеби АПБ-ның полицейлері ұрлыққа түскен ұрыны анықтау мақсатында оқиға орнын тексеріп, куәлардан жауап алды. Мұқият жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын ер адам болып шықты. 

Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта аталған мейрамханаға өзіне қажетті заттарды алу үшін кіріп, қолына ілінген оңай олжаны жымқырып, ізін суытқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камерасын орнатуға кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер