Қоқысты кез-келген жерге тастағандарға айыппұл салынды

image_b.png

Түркістан облысында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 13 мыңнан астам құқық бұзушы анықталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері қылмыстық құқық бұзушылықпен күрестен бөлек, қоғамдық орындарды ластауға байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмауда профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Алайда тұрғындар тарапынан өзінің тұрғылықты мекенжайының тазалығына немқұрайды қарайтын, қандай да бір қоқыс, қалдығын кез келген жерге тастап ластайтындар табылып жатады. Мәселен облыс полицейлері жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 баптың 1,2-бөлігімен «Ортақ пайдалану орындарды ластау» бойынша 13213 құқық бұзушыға хаттама толтырылды.

Ал тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтағаны:  қоғамдық орында коммуналдық қалдықтарды тастау -609, темекі тұқылын тастау -26, қоғамдық орында мас халде жүру -249, қайыршылық -131, белгіленбеген орында сауда жасау -105, қала инфроқұрылым қағидасын бұзу бойынша -109 жайт анықтаған.    

Жалпы жұртшылықтың пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығарудың соңы айыппұл арқалауға әкеп соғады. Ал егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, тәртіп бұзушыға ірі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.         

Осы орайда түркістандық полицейлер облыс аумағында тазалықты сақтауға шақырады.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер