Мас халде көлік жүргізіп сотталды

0604.jpg

Төлеби ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде, мас халде көлік тізгіндеген жүргізушіні анықтады. Яғни полицейлер Төлеби ауданы Адыраспан көшелерінің бірінен түнгі сағат 00:30 шамасында «Ваз-2106» маркалы автокөлігінің жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Тексеру кезінде полицейлер, жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Аталған жайтты нақтылау үшін, медициналық сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісінің мас халде екені белгілі болды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Жинақталған іс-құжаттар Төлеби аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде, мас халде көлік тізгіндеген жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, көлік айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысының полицейлері көлік басқару құқығы жоқ жүргізушілерге көлік айдамауға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер