Ірі қара мал ұрлаған тұрғын ұсталды

0302.jpg

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлға оның қараусыз тұрған үйіне кіріп, ауласында жүрген 500 мы4 теңге болатын 2 бас жылқысын және 1 бас сиырын түнгі уақытта ұрлап кеткен. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.

Тұрғынның үйінде қараусыз тұрған малын жымқырған күдіктіні ұстау мақсатында учаскелік полицейлер оқиға орнына бірден жетті. Тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Осылайша жан-жақты дұрыс бағытта жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікке ілінген ер адам ұсталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай күдікті ер азамат ешкімнің жоқтығын пайдаланып, өзінің жүк көлігіне малдарды тиеп, әлдебіреуге сатып жібергені анықталды. Алайда полицейлердің кәсіби шеберлігінің арқасында күдікті ұсталды. Қазіргі таңда сезікті деп танылған азамат қамауда. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер