Жер телімін заңдастырып беремін деп тұрғындарды алдап сотталды

0506.jpg

Жетісай ауданында жер теліміне қатысты алаяқтық жасаған ер адамның кінәсі дәлелденіп, сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Нақтырақ айтсақ, Жетісай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, 2020 жылдың қазан айында өзіне жақын таныс емес адамның сөзіне сеніп, 60 мың теңге ақшасын бергенін жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, оған танысы «әкеңнің атындағы аумағы 0,9 га жерді өзіңнің атыңа заңдастырып беремін» деп әбден иландырған.

Алайда арадан бір жылдан астам уақыт өтсе де не жерін, не ақшасын ала алмаған. Аталған жайтты полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Дәл осындай арызбен полицияға тағы бір ер адам келген. Бұл жолы күдікті жәбірленушінің 55 мың теңгесін алып, ұшты-күйлі жоқ болған. Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы тұрғындарды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алды.

Мұқият істі зерделеді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Ұсталған ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Яғни күдікті ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Алаяқтық дерегімен тіркелген іс бойынша құжаттар жинақталып, айыпталу актісімен бірге сотына жолданды. Нәтижесінде сот 31 жасар ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер