«Үй кезегін жылжытып беремін» деген алаяқ анықталды

Screenshot_2.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында қолға алынған жүйелі жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысында үйдің кезегін жылжытып беремін деген алаяқ анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.

Кентау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданды. Оған сырттай танысы мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін жылжытып беретінін айтқан. Бұл қызметі үшін 450 мың теңге ақшасын алып, бір жылдай алдап келген. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары хабар түсісімен бірден іске кірісті. Күдікті әйелді табу үшін жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, алаяқтық жайтына қатысы бар жұмыссыз жергілікті тұрғын әйелді анықтады.

Белгілі болғандай күдікті әйел өз арам ойын іске асыру үшін танысына үйдің кезегін жылжытып беремін деген жалған уәдеге сендіріп, ақшасын алған. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтарылмай бір жыл бойы жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Сонымен қатар күдікті әйел мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алып бере алатынын айтып, екі танысын қоса алдаған.

Сезікті оларға мемлекеттен берілетін жәрдемақыны алып беретінін айтып, әрқайсысынан 25 мың теңгеден ақша алған. Бүгінде күдікті әйелге қатысты тергеу жүргізілуде.

Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер