Психотроптық дәрі алып жүрген адам анықтады

1904.jpg

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов барлық қала, аудан полицейлеріне «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді тапсырды. Осы бағытта іске кіріскен жеке құрам түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алуда жұмыс атқаруда.

Мәселен, Келес аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарымен сұхбаттасуды ұйымдастырып, профилактикалық іс-шара өткізді. Кезекті ер адаммен тілдесу барысында, оның өзін дұрыс ұстай алмай, бір жерде тұра алмағанына күмәнданып, оның жеке басын анықтады. Осылайша тұрғынның қалтасынан құрамында есірткісі бар «Трамадол» дәрілері тәркіленді.

Аталған дерек Келес аудандық полиция бөліміне тіркеуге алынды. Полиция тарапынан жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер