Көлігінің терезесін күңгірттеген 5315 жүргізуші жауапқа тартылды

2005.jpg

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тәулік бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Соның ішінде күнделікті атқарылған рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында, 9 айдың ішінде 509-баптың 5-бөлігі күн көзінен күңгірттеу (тонировка) бойынша 5315 дерегін анықтаған. Негізінде жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі, осы автокөліктің терезесін күңгірттеу.

Мәселен патрульдік полиция батальонының инспекторы Ғалымжан Жақсылықов, республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында патрульдеу кезінде, автокөлігінің терезелерін күңгірттеп алған жүргізушіні тоқтатады. Аталмыш «Toyota Camry» маркалы көліктің жүргізушісі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Оның құжаттарын тексеріп, күңгірттеп алу заңға қайшы екені түсіндірілді.

Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзулылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» хаттама толтырды. Осыдан соң полицей жүргізушінің терезесіндегі күңгірттелген пленканы алып тастауын қадағалап, қандай да бір орын алуы мүмкін жол апатының алдын алды. Жалпы облыс полицейлері мұндай құқық бұзушылық жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер